fbpx

EN

Осы жылы Үздік жедел медициналық жәрдем бригадасы атағы үшін Шымкент қаласының маңындағы «Алма тау» демалыс аймағына жиналған Қазақстанның әр өңірінен 18 команда бақ сынасты.

Командалар манекендер мен стандартталған пациенттерді пайдалана отырып, шынайы жағдайға барынша жақын клиникалық станциялардан өтіп, жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге көмек көрсетуде, босануды қабылдауда, суға батқан кезде зардап шегушіні құтқаруда, балалар реанимациясын жүргізуде және жіті коронарлық синдромы бар ер адамды қиын жағдайдан шығаруда өз шеберліктерін көрсетті.

Бүкіл кезеңдер медицина саласындағы танымал мамандардан тұратын құзыретті қазылар алқасының жіті назарында және бағалауында болды.

Спартакиада қорытындысы бойынша 159,5 балл жинаған Шымкент қаласының командасы үздік бригада болып танылды.

Екінші орынды елордалық – Астана қаласының командасы (159 балл) иеленді. Жүлделі үшінші орынды – 143 балл жинаған Абай облысының қомандасы қанжығасына байлады. Көрермен көзайымы жүлдесі Солтүстік Қазақстан облысының қомандасына берілді.

Жарыс жүлдегерлерін құттықтаймыз! Еліміздің жедел медициналық жәрдем қызметінің барлық қырметкерлеріне ерен еңбектері үшін алғыс білдіреміз!

Келесі кездескенше!

 

FaLang translation system by Faboba