fbpx

EN

2022 жылғы 20 шілдеде Амангелді аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне күйдіріп ауырсынуға, бет пен мойын, жамбас пен аяқ-қол аймағында күйік жараларының болуына шағымданған әйел жеткізілді. Жарақатты тұрмыстық жағдайда газ баллоны жарылуы салдарынан алған.

Қарап-тексеруден кейін шұғыл түрде кешенді бөлімшеге, қарқынды терапия палатасына емдеуге жатқызылды. Жай-күйі алған жарақаты мен ауырсынуына байланысты ауыр.

Облыстық мамандармен телефон арқылы консультация жүргізілді, оның нәтижесінде пациентті медициналық авиация желісі бойынша облыстық ауруханаға ауыстыру ұсынылды.

22 шілдеде арнайы бортпен пациент медициналық авиацияның мобильдік бригадасының сүйемелдеуімен одан әрі емделуден өту үшін Қостанай облыстық ауруханасының бейінді бөлімшесіне тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba