fbpx
103
НКЦЭМ

Национальный координационный центр экстренной медицины

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Алты жасар бала 2022 жылғы 2 шілдеде жедел медициналық көмек бригадасымен есеңгіреген жай-күйде Санкт - Петербургтегі клиникаға жеткізілді. 3 қабаттан құлағаннан кейін көптеген жарақат алды. Реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Операция жасалды. Жай-күйі тұрақтанғаннан кейін травматологиялық бөлімге ауыстырылды.

Пациент-Қазақстан Республикасының азаматы екенін назарға ала отырып, белгіленген рәсімдер шеңберінде пациентті медициналық авиация желісі бойынша тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселе қаралды.

Пациентті автокөлік және темір жол көлігімен тасымалдау мүмкін еместігіне, сондай-ақ одан әрі медициналық көмек алудың шұғыл қажеттілігіне байланысты баланы ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласының Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізу туралы шешім қабылданды.

16 шілдеде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы кішкентай пациентті тасымалдау мақсатында Нұр - Сұлтан – Санкт-Петербург – Нұр - Сұлтан бағыты бойынша әуе кемесінің ұшуын ұйымдастырды. Жол бойы бала медициналық авиацияның мобильдік бригадасының үздіксіз бақылауында болды.

Бүгінгі күні балаға ұзақ емдеу және оңалту қажет. Оған тезірек сауығуды тілейміз!