fbpx

EN

2022 жылғы 3 шілдеде Арқалық өңірлік ауруханасына дене қызуы, іштің төменгі бөлігінің ауыруы және оң жақ қабырға астының ауруына шағымдарымен жүкті әйел келіп түсті.

Әйелге пневмония, плеврит, созылмалы пиелонефрит диагнозы қойылды.

Әйелдің жүктіліктің 40-шы аптасында болғанын ескере отырып, жедел кесарь тілігі жасалынды. Босану баланың кіндігіне шырмалып оралуына байланысты қиын болды.

Пациенттің жалпы жай-күйі операцияға, интоксикация белгілеріне байланысты ауыр.

Пациенттің жай-күйіне байланысты телефон арқылы консультация ұйымдастырылды, оның нәтижесінде пациентті медициналық авиация желісі бойынша облыстық ауруханаға тасымалдау туралы шешім қабылданды.

8 шілде күні ықтимал асқынулардың алдын алу мақсатында бейінді мамандардың болмауы, ауданның облыс орталығынан шалғайлығы мақсатында одан әрі емдеу үшін ұшақпен әйелді Қостанай облыстық ауруханасына тасымалдады.

 

FaLang translation system by Faboba