fbpx

EN

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының сертификатталған нұсқаушысы Б.Тайбеков 2022 жылғы 13-25 маусым аралығында Арал ауданаралық ауруханасының қызметкерлерін базалық, кеңейтілген жүрек – өкпе реанимациясы, оның ішінде педиатрия дағдыларына, сондай-ақ жарақат кезінде емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету дағдыларына оқыту жүргізді.

Курс тыңдаушылары медициналық көмек көрсету кезінде алған білімдерін жүйелендірді, ересектер мен балалардың жүрек қызметін тоқтату кезінде көмек көрсету, емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде полижарақаттары бар пациенттерге көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды пысықтады, реанимациялық іс-шараларды өткізу кезінде командалық жұмыстың негізгі қағидаттарын оқыды.

Оқу аяқталғаннан кейін аурухана қызметкерлері сертификаттар иеленді.

Осы курстан өту ауыр халдегі жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге тұрақты дайындықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba