fbpx

EN

28 маусым күні түнде жол-көлік оқиғасы болған жерден Қарағанды облысы Нұра ауданының орталық аудандық ауруханасына жедел медициналық жәрдем бригадасы ауыр халдегі әйелді жеткізді.

Алғашқы көмек көрсетіліп, шұғыл түрде көптеген жарақаттармен стационарға емдеуге жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жаппай сипатын ескере отырып, облыстық клиникалардан медициналық мамандар шақырылды.

Пациенттің жай-күйіне бағалау жүргізілгеннен кейін, шұғыл түрде КТ, МРТ жүргізу қажеттілігіне, сондай-ақ медициналық мамандардың қосымша тексеруіне байланысты әйелді әуе кемесінде бейінді облыстық медициналық мекемеге тасымалдау туралы шешім қабылданды.

29 маусымда пациент тікұшақпен реаниматологтың алып жүруімен профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba