fbpx

EN

Атырау облыстық ауруханасына сол жақ жамбас буынындағы ауырсынуға және қозғалыстың қатты шектелуіне шағымданған әйел келіп түсті. Ауруханаға түскеннен кейін Нұр-Сұлтан қ. Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының травматология бөлімінің меңгерушісімен телемедицина бойынша консультация өткізілді.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтермен қамтамасыз ету үшін бейінді мамандардың және қажетті медициналық жабдықтардың жетіспеушілігін ескере отырып, сондай-ақ пациенттің жағдайының ауырлығын және кешіктірілген шұғыл операцияға (сол жақ жамбас эндопротезін қайта қарау) көрсеткіштерін ескере отырып, пациентті хирургиялық емдеу үшін медициналық авиация арқылы тасымалдау туралы шешім қабылданды.

2022 жылдың 21 маусымында қажетті операцияны жүргізу үшін әйел ұшақпен академик Батпенов Н.Д. атындағы ҰҒТОО-на жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba