fbpx

EN

2022 жылғы 3 маусымда Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жедел медициналық жәрдем бригадасы ауыр халдегі әйелді жеткізді. Қабылдау кезінде кеуде қуысының артындағы ауырсыну және сол жақ жауырынына таралуы жайлы шағымдар жасалынды, олар дәрі-дәрмектермен шамалы тоқтаған.

Қарап-тексеру мен тексеріп-зерттеуден кейін науқас қарқынды терапия палатасына емдеуге жатқызылды. Шұғыл түрде коронароангиография жүргізілді.

Пациенттің жалпы жай-күйі ангинозды синдромға байланысты ауыр. Консилиумдар, бейінді мамандармен телефон арқылы консультациялар өткізілді.

Пациентке тек Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының қабырғасында жүргізілетін операция жасау қажеттілігін ескере отырып, пациент 6 маусымда медициналық авиация желісі арқылы ҰШМҮО-ның тәжірибелі дәрігері мен фельдшерінің алып жүруімен астаналық клиникаға жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba