fbpx

EN

Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында медициналық қызметкерлерге базалық реанимация дағдыларына оқыту жүргізіледі.

Жыл сайын әлемде шамамен 7 миллион адам кенеттен жүрек ұстамасына ұшырайды және олардың тек 10%-ы аман қалады. Дұрыс базалық реанимация жедел жағдайда жүректі қалпына келтіруі мүмкін.

Базалық реанимация курсынан өткен адам көмек көрсету, шатастырмау, нақты әрекет ету және қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін қателіктер жібермеу қажет болған жағдайда өзін сенімді сезінеді.

Сондай-ақ курс шеңберінде біздің сертификатталған нұсқаушыларымыз Е.Колотилов пен А. Алиева тыңдаушыларды автоматты сыртқы дефибриллятормен жұмыс істеу дағдыларына үйретеді. Базалық реанимацияны уақтылы жүргізу жәбірленушінің өмір сүру мүмкіндігін едәуір арттырады.

FaLang translation system by Faboba