fbpx

EN

28 сәуірде Үржар ауданының № 2 аудандық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне оң жамбас буыны аймағындағы ауырсыну мен ісінуге шағымданған әйел келіп түсті. Үйде жарақат алған-абайсызда құлап қалған.

Дәрігер-хирург тексеріп-қарап шығып, шұғыл түрде хирургиялық бөлімшеге емдеуге жатқызылды.

Пациентке сүйек сынықтарының жылжуымен жамбас сүйегінің жабық сынуы диагнозы қойылды.

Телефон арқылы консультация жүргізілді, консилиум нәтижесінде пациентті жедел емдеу жүргізу үшін медициналық авиация желісі арқылы Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының бейінді бөлімшесіне тасымалдау ұсынылды.

1 мамырда пациент тұрақты жай-күйде әуе кемесінде медициналық авиацияның мобильдік бригадасының алып жүруімен Семей қаласының МСАК полижарақат бөлімшесіне тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba