fbpx

EN

Құрманғазы аудандық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 2022 жылғы 3 сәуірде жедел медициналық жәрдем бригадасы денесінің 50 % аумағын термиялық күйік шалған ер адамды жеткізді.

Тұрмыста жарақат алған. Күйік шогының салдарынан жалпы жағдайы ауыр.

Телефон консультациясы жүргізілді, облыстық медицина мамандары пациентті жағдайы тұрақтанғаннан кейін бейінді бөлімшеге ықтимал тасымалдау мақсатында пациентті медициналық авиация желісі бойынша ауыстыруды ұсынды.

5 сәуірде медициналық авиацияның мобильдік бригадасы Құрманғазы ауылына келді. Жүргізілген қарап - тексеруден кейін ер адам мамандандырылған көмек алу үшін Атырау облыстық ауруханасына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba