fbpx

EN

Бала 2022 жылғы 13 наурыздан бастап Мәскеу қаласының клиникасында, бүйрек ауруымен қарқынды терапия және реанимация палатасында стационарлық емделуде болды.

Баланың ауыр жай-күйін ескере отырып, пациентті автомобиль және темір жол көлігімен тасымалдау мүмкін еместігіне байланысты медициналық мамандар белгіленген рәсімдер шеңберінде одан әрі емдеу үшін Отанына медициналық авиация желісі бойынша пациентті - ҚР азаматшасын тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселені қарады.

 

31 наурызда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Нұр-Сұлтан қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына сәбиді тасымалдау үшін Мәскеу қаласына әуе кемесінің ұшуын ұйымдастырды

Жол бойы бала медициналық авиация мобильдік бригадасының үздіксіз бақылауында болды.

Бүгінгі таңда бала одан әрі медициналық көмек көрсету үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілді. Оған ұзақ емдеу және оңалту қажет.

FaLang translation system by Faboba