fbpx

EN

2022 жылғы 12 наурызда ер адам Зайсан аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне өз бетінше жүгініп, қатты бас ауруы, сол жақ аяқ-қолының әлсіздігі, сөйлеудің өрескел бұзылуы, қысымның жоғарылауы туралы шағымдарын білдірді.

Анамнезден-2 типті қант диабетімен ауырады. Эндокринологтың есебінде тұр.

Қабылдау бөлмесінде оны кезекші дәрігер қарап-тексерді, жедел түрде «Ми қан айналымының жедел бұзылуы» диагнозымен терапевтік бөлімге емдеуге жатқызылды. Пациенттің жалпы жағдайы неврологиялық белгілерге байланысты ауыр.

Нейрохирург және невролог дәрігердің, сондай-ақ аудандық ауруханада мамандандырылған жабдықтың, ауданның облыс орталығынан шалғайда орналасуына, таулы жерлерге, сондай-ақ одан әрі қосымша зерттеп-қарау және мамандандырылған емделу үшін пациентті медициналық авиация күшімен Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа тасымалдау туралы шешім қабылданды.

2022 жылғы 17 наурызда медициналық авиацияның мобильдік бригадасымен пациент тұрақты ауыр халде Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына жеткізілді.

 

 

FaLang translation system by Faboba