fbpx

EN

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Сіздерді келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтайды! Бұл шын мәнінде көп ғасырлық дәстүрге ие халықтық мереке.

Наурыз мейрамы жаңа жылдың, жаңа бастамалардың басталуын білдіреді, бұл ең алдымен жақсылық, бейбітшілік, өзара құрмет пен келісім мерекесі.

Наурыз күндері ұрпақтар байланысы ерекше байқалады, өйткені қонақжайлылық, үлкендерге құрмет, кіші ізет көрсету деген жағымды қарым-қатынастар әр отбасында мыңжылдықтан бері сақталып келе жатқан дәстүрлер.

Мереке алдындағы жұмыс аптасы ішінде орталықтың және ҰШМҮО Алматы қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері жұмысқа ұлттық киіммен келуде. Бұл акция қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауға және насихаттауға бағытталған.

Құрметті қазақстандықтар! Наурыз мейрамы әр үйге молшылық пен амандық әкелсін!

FaLang translation system by Faboba