fbpx

EN

2021 жылдың қарашасында Шала туылған нәресте өте төмен дене салмағымен мерзімінен бұрын дүниеге келді.  Бала күтімнің ұзақ кезеңінен өтіп, оған қажетті қарап-тексерулер жүргізілді, содан кейін нәрестеге «мерзімінен бұрын туылған ретинопатия»,  тыныс алу бұзылыстары синдромы диагнозы қойылды.

Баланың ауыр жай-күйіне, тұрақты оттегіне тәуелділігіне байланысты баланы республикалық клиникаға тасымалдау мүмкін еместігі анықталды.  Консилиум өткізілді, оның шешімімен сол жерде хирургиялық емдеу жүргізу үшін офтальмолог-хирургті шақырту шешімі қабылданды.

Осыған байланысты 2022 жылғы 15 наурызда медициналық авиация желісі бойынша Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының арнайы рейсі Ақтөбе облысының облыстық перинаталдық орталығына шұғыл офтальмологиялық көрсеткіштер бойынша жедел емдеу жүргізу үшін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының лазерлік жабдығы бар хирург-офтальмологі ұшып шықты.

Сол күні қажетті операция жасалынып, одан әрі оңалту бойынша кеңес ұсыныстар берілді.

FaLang translation system by Faboba