fbpx

EN

Қазақстан Республикасының 1984 жылы туған азаматы Д. Я. Ваныкин атындағы Тула қалалық жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасында стационарлық емделуде болды.

Ресейде қызметтік іссапарда жүргенде, ер адам 2022 жылдың ақпан айында жазатайым оқиғаға тап болды - омыртқадан жарақат алып, миы шайқалған, жұлынның соғылуы орын алған.

Пациенттің анасынан оның ұлы - ҚР азаматын әуе тасымалдауына жәрдем көрсету туралы келіп түскен өтініштің негізінде құзыретті органдар белгіленген рәсімдер шеңберінде пациентті медициналық авиация желісі арқылы тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселені қарады. 

Пациентті жату қалпында тасымалдау қажеттілігіне байланысты, омыртқаның ауыр жарақатын ескере отырып, 5 наурызда одан әрі емдеу үшін пациент Қарағанды қаласының профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға ұшақпен тасымалданды.

Тасымалдауға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі қолдау көрсетті.

FaLang translation system by Faboba