fbpx

EN

2022 жылғы 3-4 наурызда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы (бұдан әрі - ҰШМҮО) облыстық және қалалық жедел медициналық жәрдем станцияларының медициналық авиация бөлімшелерінің үйлестіруші дәрігерлерінің жұмыс кеңесін өткізді.

ҰШМҮО-ның Басқарма төрағасы А.Баянбаев, Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы А. Косолапов алғы сөз сөйледі.

Спикерлер өз баяндамаларында медициналық авиация денсаулық сақтау ұйымының ерекше, әлеуметтік бағдарланған түрі болып табылатынын, оның жұмыс тиімділігіне халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау айтарлықтай тәуелді екенін атап өтті. ҰШМҮО басшылығы қазіргі проблемалық сәттерге үнемі талдау жүргізіп қана қоймай, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту мақсатында оларды тиімді алдын алу және түзету бойынша ұсыныстар енгізетіні атап өтілді.

Кеңеске қатысушыларға ҰШМҮО жауапты қызметкерлері пандемия жағдайында инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі аспектілері, әуе кемесінің бортында көмек көрсету кезінде медициналық авиацияның мобильдік бригадасының қанағаттануын талдау, медициналық авиацияда пайдаланылатын әуе кемелері паркін жаңарту мәселелері таныстырылды, қазіргі проблемалық сәттер аталды және оларды шешу жолдары талқыланды.

Кеңес барысында медициналық авиация бөлімшелерінің үйлестіруші дәрігерлері өз бөлімшелерінің жұмыс тәжірибелері мен пікірлерімен бөлісті.  Медицина саласындағы адал еңбегі үшін Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстарының және Семей қаласының дәрігер-үйлестірушілері алғыс хаттармен марапатталды.

Оқыту-тренингтік орталығы сапаны арттыру, сондай-ақ пациенттердің қауіпіздігін қамтамасыз ету мақсатында BLS (базалық реанимация көрсету) халықаралық стандарттарына дәрігер-үйлестірушілерді оқытуды ұйымдастырды және өткізді.

                                                             

Екі күндік жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша үйлестіруші дәрігерлерге тиісті ұсынымдар берілді, олардың негізінде еліміздің медициналық авиация қызметінің жұмысын одан әрі жақсарту бағытындағы жұмыстар айқындалды.

 

FaLang translation system by Faboba