fbpx

EN

2022 жылғы 11 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының № 2 аудандық ауруханасында 31-апта жүктілік мерзімінде қыз мерзімінен бұрын дүниеге келді. Баланың туу кезіндегі жай-күйі тыныс алу жеткіліксіздігіне, шала туылуына байланысты ауыр. Бала өте төмен дене салмағымен дүниеге келді.

Кішкентай пациентке дәрігерлер ауыр дәрежелі респираторлық дистресс-синдромы, тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозын қойды.

Оттегіге тәуелділігін ескере отырып, жетекшілік ететін медициналық мамандармен телефон арқылы консилиум, консультация жүргізілді, жаңа туған нәрестені медициналық авиация желісі арқылы мамандандырылған медициналық мекемеге ауыстыру ұсынылды.

12 ақпанда сәби күтім жасау және одан әрі мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін неонатолог дәрігердің алып жүруімен Семей қаласының перинаталдық орталығына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba