fbpx

EN

2022 жылғы 4 ақпанда Атырау облысы Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының терапевтік бөлімшесіне 1966 жылы туған ер адам келіп түсті.  Ер адам қатты ауырсыну мазалай бастаған, сол қолының жаны кетіп қалып жіті ауырған. Ауруханаға жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Анамнезінде – қант диабеті.

Қарап-тексеру мен зерттеп-қараудан кейін ер адамға «жіті коронарлық синдром» диагнозы қойылды.

Пациент жай-күйінің ауырлығын, мамандандырылған ем алу қажеттілігін, ауданның облыс орталығынан қашықтығын ескере отырып, 2022 жылғы 8 ақпанда пациент анестезиолог - реаниматологтің алып жүруімен Атырау облыстық кардиологиялық орталығына коронароангиографияны шұғыл жүргізу үшін медициналық авиация күшімен тасымалданды.

Сондай-ақ, коронарлық синдромның және басқа жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу ықтималдығын азайтуға, қауіп факторларының әсерін төмендетуге назар аудару керек. Оларға артық салмақ, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмендігі, қандағы холестериннің жоғары деңгейі, теңгерілмеген қант диабеті, темекі шегу, алкогольді тұтыну және т. б. жатады.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Өзіңізді қайғылы жағдайға тап болудан сақтаныңыз, жүрек ауруларының алдын алыңыз!

FaLang translation system by Faboba