fbpx
103
НКЦЭМ

Национальный координационный центр экстренной медицины

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

2022 жылғы 23 қаңтарда Аягөз ауданаралық ауруханасына сол жақ жамбас буынының ауруы, тірек-қимыл мүмкіншіліктерінің бұзылуы туралы шағымданған ер адам келіп түсті. Пациенттің айтуынша, ол тұрмыстық жағдайда жарақат алды – үйде құлап қалған.

Аурухананың қабылдау бөлімшесінде травматолог қарап-тексеріп шықты, «сол жақ жасбас буыны кіші ұршығының үзіліп жабық сынуы» диагнозымен  хирургиялық бөлімшеге емдеуге жатқызылды. Пациенттің жалпы жай-күйі алған жарақатына байланысты ауыр дәрежелі.

Консилиум өткізілді, сондай - ақ медициналық авиация желісі бойынша травматолог-дәрігердің консультациясы өткізілді, нәтижесінде Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына авиакөлікпен тасымалдау ұсынылды.

2022 жылғы 1 ақпанда пациент реаниматологтің алып жүруімен тұрақты жағдайда операциялық емдеу үшін бейінді клиникаға тасымалданды.