fbpx

EN

Өңірлік мобильдік медициналық авиация бригадасы 2022 жылғы 16 қаңтарда 1967 жылы туған ер адамды тасымалдау үшін Тараз –Мойынқұм - Тараз бағыты бойынша ұшу орындады.

Пациент 13 қаңтарда ауыр халде жедел медициналық жәрдем бригадасымен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының орталық аудандық ауруханасына жол - көлік оқиғасы болған жерден шұғыл жеткізілді. Қабылдау бөлімшесінде медициналық мамандармен қарап-тексеріліп, омыртқа жарақатымен бөлімшеге емдеуге жатқызылды.

Толық тексеріп-зерттеу, компьютерлік томография жүргізу қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ бейінді нейрохирург маман болмағандықтан, 2022 жылғы 16 қаңтарда ер адам мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Тараз қаласының қалалық көп бейінді ауруханасына тікұшақпен тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba