fbpx

EN

Елімізде болып жатқан тәртіпсіздіктер кезінде жедел медициналық жәрдем қызметінің қызметкерлері төтенше жағдайында азаматтарымыздың өмірін күн сайын құтқарып, алдыңғы шептен табылды.

Заңсыз әрекеттер кезінде қызмет жасауына айтарлықтай зиян келтіріліп, бригадалар мен санитариялық көліктерге шабуылдар жасалынды.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы республикамыздың жедел медициналық жәрдем қызметінің қызметкерлеріне осындай қиын күндердегі қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіреді! Әрқайсыңызға мықты денсаулық, шығармашылық табыс және отбасыңызға амандық тілейміз!

     

FaLang translation system by Faboba