fbpx

EN

2022 жылғы 11 қаңтарда Тарбағатай аудандық ауруханасының стационарына 36 апта жүктілік мерзімінде әйел адам  емдеуге жатқызылды.

Қарап-тексерулер нәтижесінде мамандар оған ауыр преэклампсия диагнозын қойды. 

Бейінді мамандармен телефон арқылы консультация, консилиум өткізілді, нәтижесінде пациентті медициналық авиация желісі бойынша облыстық орталыққа тасымалдау туралы шешім қабылданды.

Ақжар ауылында ұшу - қону жолағының жоқтығын ескере отырып, пациент медициналық авиация борты күтіп тұрған Зайсан қаласының әуежайына дейін жедел медициналық жәрдем көлігімен тасымалданды.

12 қаңтарда реаниматолог және акушер-гинекологтің алып жүруімен әйел Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына жеткізілді, онда оған мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

FaLang translation system by Faboba