fbpx

EN

2021 жылғы 25 қазанда Семей қаласының перинаталдық орталығында салмағы өте төмен шала туған егіздер мерзімінен бұрын дүниеге келді.

Туу кезіндегі балалардың жай-күйі жетілмегендік және тыныс алу жеткіліксіздігінің салдарынан өте ауыр болды.

Балаларға алғашқы реанимациялық шаралар жүргізілді. Жалпы жай-күйі тұрақтанғаннан кейін балалар жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды.

Сондай-ақ, нәрестелерді күту кезінде қажетті тексерулер жүргізілді, содан кейін балаларға бронхопульмональды дисплазия, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясы диагнозы қойылды.

Медицина мамандарымен консилиум өткізілді, онда: кішкентай пациенттерді медициналық авиация желісі бойынша ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының балалар хирургиясы бөлімшесіне тасымалдауды ұйымдастыру шешімі қабылданды.

Білікті маман офтальмологтің жоқтығын ескере отырып, 2022 жылғы 11 қаңтарда медициналық авиация бортымен балалар қажетті көз операциясын жүргізу үшін елордалық клиникаға жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba