fbpx

EN

   

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Оқыту-тренингтік орталығының нұсқаушы-дәрігері Айнұр Алиева сегіз айлық сәбидің өмірін сақтап қалды.

2021 жылдың 5 желтоқсанында Fly Arystan әуе компаниясының рейсі Қызылордадан Нұр-Сұлтан қаласына ұшқан.  Кенеттен сәбидің жай-күйі нашарлап: тұншығып, көгеріп, құрысулар пайда болып, өмір белгілері танылмаған. Сәбидің көрер жарығына орай, ұшақ бортында дәрігерлер болған.

 «Мен және менің әріптестерім 40 минут ішінде балаға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп, Амбу сөмкесі арқылы оттегін уақтылы беруді және дәрі-дәрмектерді енгізуді ұйымдастырдық. Көрсетілген көмектің арқасында баланың өңі кіріп, өмірлік функциялары қалпына келді», - дейді Айнұр.

Бала анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына ұшқан. Әуежайға қонғаннан кейін бала реанимация бригадасына тапсырылды.

FaLang translation system by Faboba