fbpx

EN

Халықаралық шала туған балалар күнін 2011 жылы Еуропалық жаңа туған нәрестелерді күту қоры (European Foundation for the Care of Newborn Infants, EFCNI) March of Dimes ұйымы, Африка елдеріне көмек көрсететін Little Big Souls халықаралық қоры, сондай-ақ Австралияның шала туған балалар аналарының Ұлттық Қоры құрған. Қызмет басталған сәттен бастап халықаралық мерекеге 50-ден астам ел қосылды.

Егер бала жүктіліктің 37 аптасына дейін туылса, шала туылған деп саналады. Шала туған балаларға ерекше күтім қажет. Оларды кезең-кезеңімен күтуді неонатологтер мен педиатрлар алдымен перзентханада, содан кейін балалар ауруханасы мен емханада жүзеге асырады. Оларға күрделі аппараттар, қымбат дәрі-дәрмектер, жоғары білікті медициналық қызметкерлер және, әрине, ата-аналардың шексіз махаббаты мен шыдамдылығы қажет.

Мерзімінен бұрын босанудың себептері әйелде созылмалы соматикалық патологияның болуымен, бұрын мерзімінен бұрын босанумен, зиянды әдеттермен немесе өндірістегі кәсіби зияндылықпен, анада құрсақішілік инфекцияның болуымен байланысты болуы мүмкін. Себебін анықтау мүмкін болмайтын жағдайлар бар.

Статистикаға сәйкес, әлемдегі әрбір 10-бала шала туылған. Барлық шала туған балалардың арасында дене салмағы өте төмен (1 кг-нан аз) балалар денсаулығында ерекше қиындықтар байқалады.

Тарихта шала туған, денсаулығы нашар болып туылған адамдар тарих жасаушыларға, ғылым мен өнердегі негізгі тұлғаларға айналған көптеген жағдайларды білеміз. Исаак Ньютон, Леонардо Да Винчи, Александр Суворов, Чарльз Дарвин, Альберт Эйнштейн және басқалар тағдырдың алғашқы кедергілерін жеңіп, өз тағдырының шеберлері бола білген!  

FaLang translation system by Faboba