fbpx

EN

Кездесудің негізгі тақырыптары шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру, сондай-ақ әртүрлі елдердің медицина қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу мәселелері болды.

Іс-шараның маңыздылығы туралы қатысушылардың ауқымынан білуге болады: екі күндік іс-шарада Өзбекстан, Ресей, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, АҚШ, Түркия, Үндістан және басқа елдерден медициналық бейіндегі практик дәрігерлер мен мамандар жиналды.

Форум барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып, гибридті форматта (офлайн және онлайн) өтті. Пікірталастарда қатысушылар осы кездесудің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, белгілі бір ауруларды емдеудегі соңғы тенденцияларды, клиникаларда шұғыл пациенттерге қажетті жағдай жасауды, телемедицинаны қолдануды, жедел медицина қызметкерлерін дайындауда симуляциялық оқытуды және т. б. талқылады.

Қазақстандық тарап атынан съезде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы А. Баянбаев сөз сөйледі. Арман Сейітқанұлы өз баяндамасында Қазақстан Республикасында шұғыл медициналық жәрдем көрсету, оның ішінде медициналық авиация қызметін дамыту және жетілдіру, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек стационарларының жаңа форматын енгізу, кезек күттірмейтін көмек көрсетудің халықаралық стандарттары туралы баяндады.

Іс-шара тиімді коммуникациялық алаңға айналды, онда ғылыми байланыстар нығайды, тәжірибелі дәрігерлер, ғалымдар мен денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар арасында халықаралық тәжірибе алмасу болды.

 

 

 

FaLang translation system by Faboba