fbpx

EN

Қостанай облыстық ауруханасында 2021 жылғы 21 қыркүйекте 28 апта жүктілік мерзімінде шала туған бала дүниеге келді.

Туылған кездегі жағдайы тыныс алудың бұзылуына, дененің жетілмегендігіне байланысты ауыр.

Бала жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімінде, "Ана мен бала" патология палатасында күтім жасау кезеңінен өтті. Оған алмастыру, респираторлық, бактерияға қарсы, инфузиялық және симптоматикалық терапия жүргізілді, сондай-ақ қажетті қарап-тексерулер жүргізілді, одан кейін сәбиге "Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы" диагнозы қойылды.

Баланың ретинопатияны шұғыл жедел емдеуді қажет ететінін ескере отырып, сондай-ақ бронхо өкпелі дисплазиядан, орталық жүйке жүйесінің постгипоксикалық зақымдану белгілерінен, интоксикациядан, жетілмегендіктен туындаған баланың жағдайының ауырлығын ескере отырып, 2021 жылғы 10 қарашада медициналық авиация бортымен нәресте Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba