fbpx

EN

2021 жылғы 12 қыркүйекте Кеңқияқ кентінің ауылдық ауруханасында 27 апта жүктілік мерзімінде шала туған нәресте дүниеге келді. Баланың туу кезіндегі жай-күйі өте төмен дене салмағына және тыныс алудың бұзылысына байланысты ауыр.

Облыстық штаттан тыс бас неонатологпен телефон арқылы консультация өткізілді, нәтижесінде кішкентай пациентті Ақтөбе қаласының Облыстық перинаталдық орталығына ауыстыру ұсынылды.

Сол күні құрамында неонатолог дәрігер мен фельдшер бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасы нәрестені толық зерттеп-тексеру, сондай-ақ толық күтім курсын алу үшін мамандандырылған кувезде ұшақпен облыстық медициналық мекемеге тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba