fbpx

EN

Медициналық авиацияның мобильдік бригадасы 6 жасар баланы тасымалдады.

Жезқазған қаласындағы көпбейінді ауруханаға 2021 жылғы 6 қыркүйекте жедел медициналық жәрдем бригадасы 6 жасар баланы жеткізді. Анамсының айтуынша, бір ай ішінде салмақ жоғалту, әлсіздік байқалады. Отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға қабылдау кезінде талдау нәтижелері бойынша гипергликемия анықталды, жедел түрде ЖМЖ шақырылды.

Бала жағдайының ауырлығына байланысты кетоацидозы бар қант диабетінің көрінуіне байланысты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Ағымдағы жылгы 9 қыркүйекте бала Қарағанды қаласының Облыстық балалар клиникалық ауруханасына одан әрі мамандандырылған эндокринологиялық бөлімшеде емделу үшін жеткізілді. Медициналық авиация бортымен авиакөлік тасымалдау кезінде кішкентай пациент реаниматолог дәрігердің және мейіргердің бақылауында болды.

FaLang translation system by Faboba