fbpx

EN

60 жастағы ер адам медициналық авиация бортымен Павлодар қаласының Облыстық кардиологиялық орталығына тасымалданды.

1961 жылы туған ер адамды 6 қыркүйекте жедел медициналық жәрдем бригадасы Семей қ. "Семей медициналық университеті" КЕАҚ университеттік госпиталінің қабылдау бөлімшесіне кеуде қуысы аймағындағы қолайсыздық сезімі шағымдарымен жеткізді. Қабылдау бөлімшесінде оны ангиохирург қарап-тексерді, МСКТ аортографиясына жіберді, оның мәліметтері бойынша өрлемелі қолқаның қабатталған аневризмасы белгілері анықталды және шұғыл түрде жүрек-тамыр хирургиясы бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Консилиумның шешімі бойынша, қолқа аневризмасының жыртылу қаупінің жоғары болуына байланысты пациентке бейінді медициналық мекеме жағдайында өмірлік көрсеткіштері бойынша жедел емдеу талап етіледі, сондай-ақ жағдайының ауырлығын, ер адамның жасын, қашықтықтың ұзақтығын және кардиохирургтардың болмауын ескере отырып, 2021 жылғы 8 қыркүйекте құрамында реаниматолог дәрігер мен фельдшердің сүйемелдеуімен медициналық авиация күшімен пациентті Павлодар қаласының Облыстық кардиологиялық орталығына әуе тасымалдауы жүргізілді.

FaLang translation system by Faboba