fbpx

EN

Медициналық авиацияның мобильдік бригадасы ЖКО-дан зардап шеккен әйелді тасымалдады.
2021 жылғы 6 қыркүйекте Жамбыл облысы Сарысу аудандық орталық ауруханасына жол – көлік оқиғасынан зардап шеккен әйел келіп түсті.
Зардап шегушіні медициналық мамандар қарап-тексерді, ренгенографияны зерттеп, аралас жарақат, жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, дененің, омыртқаның жабық компрессиялық сынуы, бастың және бел аймағының жұмсақ тіндерінің зақымдануы диагнозымен анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.
Алған жарақатына байланысты әйелдің жалпы жай-күйі ауыр.
Бейінді нейрохирургиялық бөлімшеде одан әрі емдеу қажеттілігін, сондай-ақ аудандық ауруханада бейінді маманның жоқтығын назарға ала отырып, 2021 жылғы 7 қыркүйекте пациент медициналық авиация бортымен реаниматолог, нейрохирург және медициналық авиация фельдшерінің алып жүруімен Тараз қаласының қалалық көп бейінді ауруханасына тасымалданды.
FaLang translation system by Faboba