fbpx

EN

Қыркүйек айының 5 жұлдызы күні еліміз Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтеді. ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді. Заңнамалық деңгейде әрбір азаматқа өз ана тілін үйренуге және дамытуға мүмкіндік беріледі, өйткені әрбір тілдің өз тағдыры бар, ол біздің еліміздің басқа тілдерімен де тығыз байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Құрметке лайық емес тіл жоқ. Қазақстанның күші де осында. Көп ұлтты халықтың тілдері мен мәдениеттерінің бірлігі – бұл ел болашағы құрылатын достықтың бір көрінісі. Біз барлық қазақстандықтарды осы маңызды мерекемен құттықтаймыз және біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде кез-келген адамды оның тіліне, ұлтына және дініне қарамастан құрметтеп, бағалауын тілейміз. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл», дегендей ана тілімізді ардақтай білейік, онымен сөйлесейік және онымен қатар әлем тілдерін де үйренейік!

FaLang translation system by Faboba