Қазақстан Республикасының Конституция күні - Қазақстанда жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін ресми мемлекеттік мерекелердің бірі. 1995 жылғы 30 тамызда жалпыұлттық референдум болып өтті, онда Қазақстан халқы жаңа Конституцияның жобасын мақұлдады. Бұл Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет құру жолындағы шешуші сәттерінің бірі болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасы жедел медициналық жәрдем қауымдастығынан медициналық авиацияның 10 жылдығына арналған естелік медальдарымен наградталды.