fbpx

EN

 

2021 жылғы 2 тамызда ауыр халдегі пациентті Тараз қаласының қалалық көпбейінді ауруханасына әуе көлігімен тасымалдау жүзеге асырылды.

2021 жылғы 26 шілдеде  жедел жәрдем бригадасы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен өте ауыр жай-күйдегі ер адамды Шу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізді. Пациентті травматолог тексеріп-қарап, жай-күйінің ауырлығына байланысты реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Оған бірнеше жерден қабырғаның, аяқ сүйектерінің сынуы, кеуде қуысының жарақаты диагнозы қойылды.

2 тамызда пациентке құрамында реаниматолог және травматолог дәрігерлер бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасы шақырылды, пациенттің жай-күйін тұрақтандырды және пациентті Тараз қаласының қалалық ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізді.

FaLang translation system by Faboba