fbpx

EN

Медициналық авиацияның мобильдік бригадасы ЖКО-дан зардап шеккен екі пациентті  Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасына тасымалдады.

 2021 жылғы 31 шілдеде жедел медициналық жәрдем бригадасымен  Ертіс аудандық ауруханасына жол - көлік оқиғасынан зардап шеккен ер адам мен әйел ауыр халде келіп түсіп, медициналық мамандармен қарап-тексерілді және шұғыл түрде хирургиялық бөлімшеге  емдеуге жатқызылды.

Әйелге бірнеше жерден жамбастың сынуы, мидың шайқалуы, травматикалық шок диагнозы қойылған.

Ер адамда бірнеше жерден қабырғаның сынуы, гемопневмоторакс, жабық бас-ми жарақаты, іштің тұйық жарақаты бар.

Пациенттердің жай-күйінің ауырлығына байланысты аудандық мамандар шұғыл түрде Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасының құрамында травматолог, хирург және полижарақат бөлімшесінің реаниматологң бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасын шақырды. Бригада жер үсті көлігімен жеткізілді.

Мобильдік бригада ер адамға операция (лапаротомия, бауырды тігу) жасады, әйелге сыртқы бекіту аппараттары қойылды.

1 тамызда жай-күйі тұрақтанғаннан кейін пациенттер одан әрі емдеу үшін ұшақпен Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасының полижарақат бөлімшесіне тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba