fbpx

EN

Медициналық авиацияның арнайы бортымен бірден екі пациентті Нұр-Сұлтан қаласының  клиникаларына жеткізді.

Елордалық клиникаларға тасымалдауды қажет ететін арнайы борттың пациенттері: 2021 жылы туған нәресте және 1947 жылы туған әйел.

Бала шала туылған, Қостанай облыстық ауруханасында ем алған. Баланың жай-күйінің ауырлығы интоксикация белгілерімен, асқазан-ішек жолдарының дисфункциясымен, жетілмегендігімен байланысты.

ҚР Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының медицина мамандарымен телемедициналық консультация өткізілді, осы клиника жағдайында кішкентай пациентті емдеу ұсынылды, онда тереңдетілген диагностика жүргізіледі және операция жасалуы мүмкін.

Екінші пациент – 74 жастағы әйел, 18 шілде күні жедел медициналық жәрдем бригадасымен Қостанай облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізілді, кардиохирург қарап-тексеріп, стационарға емдеуге жатқызылды.

2 инфаркт алған, эндокринологта «Д» есебінде тұр.

Зерттеп-тексерулерден кейін «Жіті трансмуральды миокард инфаркті» диагнозы қойылды.

Дәрігер-кардиохирургпен консультация өткізілді, Нұр-Сұлтан қаласының № 2 қалалық ауруханасы жағдайында аортокоронарлық шунттау және митральды қақпақшаны түзету ұсынылды.

28 шілдеде екі пациенттің де жай-күйі тұрақты жағдайда жоғарыда аталған клиникаларға тасымалданды.

 

FaLang translation system by Faboba