fbpx

EN

Медициналық авиация бортымен ауыр преэклампсиясы бар жүкті әйел  Атырау қаласының клиникасына тасымалданды.

 2021 жылғы 27 шілдеде жедел медициналық жәрдем бригадасы ауыр халдегі жүкті әйелді Қызылқоға орталық аудандық ауруханасына жеткізді.

Әйел жүктіліктің 33 аптасында. Медициналық мамандар пациентке "Ауыр дәрежелі преэклампсия" диагнозын қойды.

Сол күні пациенттің жай-күйін, сондай - ақ ауданның облыс орталығынан біршама алыстығын ескере отырып, медициналық авиация желісі арқылы құрамында анестезиолог-реаниматолог дәрігер бар борттың ұшуы ұйымдастырылды, жүкті әйел Атырау қалалық перзентханасына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba