fbpx

EN

Медициналық авиация бортымен бірден екі пациент Үржар аудандық ауруханасынан Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Бірінші пациент-1957 жылы туған әйел 8 шілдеде Үржар аудандық ауруханасына ауыр халде келіп түсті. Қабылдау бөлімшесіне түскен кезде қан қысымының жоғарылауына, бас айналуына, сол жақта қолы мен аяғының ұйығаны туралы шағым айтқан.

Медициналық мамандар оған геморрагиялық типтегі ми қан айналымының жіті бұзылуы, субарахноидты қан кету диагнозын қойды.

Консилиумдар, сондай-ақ Семей қаласы Жедел медициналық жірдем ауруханасының нейрохирург дәрігерімен телефон арқылы консультациялар өткізілді, нәтижесінде: жай-күйінің ауырлығына байланысты пациентті медициналық авиация желісі арқылы  жай-күйі тұрақтанғаннан кейін жедел емдеу жүргізу үшін Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы нейрохирургиялық бөлімшесіне тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Екінші пациент - 70 жастағы ер адам, ол 13 шілдеде Үржар ауруханасына жедел медициналық жәрдем бригадасымен оң жамбас буынының ауруы, тірек-қимыл қабілетінің жоғалуы туралы шағымдармен жеткізілді. Қабылдау бөлімшесінде оны хирург қарап-тексеріп, шұғыл көрсетілімдер бойынша "Тайып кетумен жамбас сүйектерінің жабық сынуы" диагнозымен аурухананың хирургиялық бөлімшесіне  емдеуге жатқызылды.

Консилиум, сондай-ақ Семей қаласының ЖМЖА травматологиялық бөлімшесінің меңгерушісімен телефон арқылы консультация өткізілді, нәтижесінде білікті травматологтің, медициналық жабдықтың болмауына байланысты пациентті одан әрі жедел емдеу үшін Семей қаласы Жедел медициналық жәрдем ауруханасына травматологиялық бөлімшеге тасымалдау қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

21 шілдеде пациенттер тұрақты ауыр жай-күйде Семей қаласының клиникасына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba