fbpx

EN

18 шілдеде жедел медициналық жәрдем бригадасы эпигастрит ауруы, оң жақ қабырға асты ауруы, жүрек айну, қара нәжіс, әлсіздік шағымдарымен әйелді Амангелді орталық аудандық ауруханасына жеткізді. Пациентті медициналық мамандар қарап-тексеріп,  "асқазан-ішек қан кетуі, бауыр циррозы, асцит" диагнозымен шұғыл түрде хирургиялық бөлімшеге емдеуге жатқызылды.

Жағдайдың шұғылдығын, пациентті облыс орталығынан автокөлік немесе темір жол көлігімен жеткізуге мүмкіндік бермейтін  ауданның едәуір шалғайлығын назарға ала отырып, 20 шілдеде пациент медициналық авиация күшімен шұғыл жедел емдеу жүргізу үшін Қостанай облыстық ауруханасына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba