fbpx

EN

2021 жылғы 15 шілдеде   Аягөз қаласынан Семей қаласына екі пациент көлігімен тасымалданды.

Бірінші пациент – 1988 жылы туған әйел. 13 шілде күні Аягөз ауданаралық ауруханасына ауыр халде бас айналу, жүрек айну, қатты бас ауруы шағымдарымен келіп түсті. "Геморрагиялық инсульт, аневризм типі бойынша ми қан айналымының жіті бұзылуы" диагнозымен жүргізілген бас миының КТ-дан кейін шұғыл түрде аудандық аурухананың инсульт бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

14 шілдеде консилиум өткізілді, оның шешімі: жай-күйінің ауырлығына байланысты пациентті жедел емдеу жүргізу үшін Семей қаласы Жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесіне медициналық авиация желісі бойынша  тасымалдауды ұйымдастыру.

Арнайы рейстің екінші пациенті 1974 жылы туған ер адам, ол 9 шілде Аягөз ауруханасына түскен. Тұрмыстық жағдайда жарақат алып, ауруханаға өз бетінше жүгінген, қабылдау бөлімшесінде кезекші дәрігер қарап-тексеріп, шұғыл түрде хирургиялық бөлімшеге "жамбас сүйегінің жарықшақтанған жабық сынығы, травматикалық шок" диагнозымен емдеуге жатқызылды.

Консилиум, сондай-ақ медициналық авиация желісі бойынша травматологпен консультация өткізілді, нәтижесінде білікті травматологтің, медициналық жабдықтың болмауына байланысты пациентті оның жай-күйі тұрақтанғаннан кейін Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына одан әрі жедел емдеу үшін травматология бөліміне тасымалдау қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Екі пациент те қанағаттанарлық деңгейде тасымалданды және Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына дер кезінде жеткізілді.

 

 

FaLang translation system by Faboba