fbpx

EN

2021 жылғы 5 шілдеде Жітіқара аудандық ауруханасында шала туған нәресте дүниеге келді. Операциялық блокта алғашқы реанимациялық көмек көрсетілді, кейіннен бала жаңа туған нәрестелердің реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды.

Тексеріп-қарағаннан кейін нәрестеде туа біткен пневмония, ми ишемиясы анықталды.

Пневмония - бұл мерзімінен бұрын туылған  және бірқатар салдарға қауіп төндіретін жаңа туылған нәрестелерде өте жиі кездесетін патология. Уақытылы мамандандырылған көмек көрсетілген жағдайда оң нәтиже алуға болады.

Облыстық балалар дәрігер-реаниматологымен телефон консультациясы жүргізілді, нәрестені медициналық авиация желісі бойынша Қостанай облыстық балалар ауруханасына ауыстыру ұсынылды.

13 шілдеде кішкентай пациент балалар реаниматологімен бірге облыстық ауруханаға жеткізілді, онда ол толық тексеру, емдеу және күтім курсын алады.

Жаңа туылған нәрестелердің пневмониясы қауіпті патология болып табылады, ол баланың жай-күйі үнемі талдауды және жедел медициналық түзетуді қажет етеді. Оны стационарлық жағдайда ғана емдеуге болады.

FaLang translation system by Faboba