fbpx

EN

 

2021 жылғы 4 шілдеде Сарқанд аудандық орталық ауруханасында шала туған нәресте дүниеге келді.

Баланың туу кезіндегі жалпы жай-күйі тыныс алудың бұзылуы мен жетілмегендігінің фонында өте ауыр.

8 шілдеде облыстық неонатолог дәрігер баланы қарап-тексеріп шықты. Бала өкпені жасанды желдетуде жатыр. Бұл кезеңде тасымалдау кезінде жай-күйінің нашарлауының ықтимал қаупіне байланысты нәрестені  жағдайы тұрақтанғанға дейін аудандық ауруханада қалдыру және қарқынды терапия жүргізу туралы шешім қабылданды.

12 шілдеде жай-күйі тұрақтанғаннан кейін, кішкентай пациент неонатологтің алып жүруімен Талдықорған қаласының Облыстық перинаталдық орталығына тікұшақпен алғашқы және өте маңызды ұшуды жасады, ұшақ ішінде оның денсаулығы үшін бейінді білікті дәрігерлер күресетіп аман жеткізді.

FaLang translation system by Faboba