fbpx

EN

 

2021 жылғы 3 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасына 1949 жылы туған әйел ауыр халде түсті.

Тұрмыстық жағдайда жарақат алған. Пациентті жедел медициналық жәрдем бригадасы аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізді, медициналық мамандармен қарап-тексерілді және стационарға емдеуге жатқызылды.

Медициналық тексеріп-қараудан кейін әйелге оң жақ жамбас сүйегінің тайып сынуы диагнозы қойылды.

Пациенттің жай-күйінің ауырлығын, ауыр анамнезді, жасын, тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупін ескере отырып, 8 шілдеде пациент жедел емдеу үшін Петропавл қаласындағы көпбейінді қалалық аурухананың бейінді травматологиялық бөлімшесіне медициналық авиация желісі арқылы тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba