fbpx

EN

Ағымдағы жылдың 29 маусымында 18 сағат 9 минутта Семей қаласының «103» қызмет пультіне Семей-Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы себебінен Привольное кентінің мобильдік-трассалық пунктінің диспетчерінен шақырту түсті. Шақыртуға жедел медициналық жәрдемнің мамандандырылған (дәрігерлік) екі бригадасы дереу жіберілді. 35 минуттан кейін ЖМЖ бригадалары оқиға орнында болды. Мән-жайларды нақтылау кезінде Шүлбі кентінен шыққан кезде екі жеңіл көліктің соқтығысқаны анықталды, соның салдарынан 6 адам зардап шеккен, олардың 2-уі дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды.

Келген кезде зардап шеккендерді триаж-іріктеу жүргізілді. Медициналық іріктеу нәтижелері бойынша ЖМЖ бригадалары оқиға орнында клиникалық хаттамаға сәйкес зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетті және ауыр және орташа дәрежедегі әртүрлі жарақаттармен шұғыл түрде зардап шеккендерді одан әрі емдеу үшін Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізді.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша жедел медициналық жәрдем қызметі 2021 жылдың 5 айында 10 764 шақыруға қызмет көрсетті.

FaLang translation system by Faboba