fbpx

EN

2021 жылғы 20 маусымда Аягөз ауданаралық ауруханасына жедел медициналық жәрдем бригадасы 1981 жылы туған әйелді жеткізді. Қабылдау бөлімшесінде оны кезекші дәрігер, невропатолог қарап-тексерді, мидың КТ жасалынған, онда субарахноидты қан кету белгілері байқалды. Жай-күйінің ауырлығын ескере отырып, пациент шұғыл түрде инсульт бөлімшесіне, қарқынды терапия палатасына емдеуге жатқызылды.

Әйелге геморрагиялық инсульт диагнозы қойылды.

Облыстық нейрохирург дәрігермен телефон арқылы консультация жүргізілді, консилиум өткізілді, оның нәтижесінде Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы жағдайында шұғыл емдеу жүргізу үшін медициналық авиация желісі бойынша пациентті тасымалдау қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

27 маусымда облыс орталығынан ауданның орналасу қашықтығын, пациенттің жасын, аудандық ауруханада нейрохирург жоқтығын назарға ала отырып, әйел реаниматологтің алып жүруімен ұшақпен Семей қаласына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba