fbpx

EN

2021 жылғы 21 маусымда медициналық авиацияның мобильдік бригадасы 1978 жылы туған ер адамды тасымалдау үшін Тереңкөл ауданының ауруханасына өңірлік ұшу орындалды.

Пациентті қатты ауырып қалды: 21 маусымда ер адамда әлсіздік пайда болды, сөйлей алмады, құрысулар пайда болды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін пациентті аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізген ауылдық медицина қызметкері шақыртылды. Пациент қабылдау бөлімшесінің медициналық мамандарымен қарап-тексерілді, неврологиялық симптоматиканың есебінен жай-күйінің ауырлығы бойынша стационарға емдеуге жатқызылды. Ер адамға ми қан айналымының жіті бұзылуы диагнозы қойылды.

Облыстың невропатологімен қашықтан консультация өткізілді, оның нәтижесінде пациентті Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасына шұғыл ауыстыру ұсынылды.

Сол күні реаниматологтің алып жүруімен пациент Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының инсульт орталығына ұшақпен жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba