fbpx

EN

2021 жылғы 18 маусымда артериялық қысымның көтерілуіне, ісінудің өсуіне шағымданған жүктіліктің 32-ші аптасындағы әйел шұғыл түрде учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасының алып жүруімен Екібастұз перзентханасының стационарына келіп түсті.

Пациенттің жалпы жай-күйі гипертензияға байланысты ауыр. Медициналық мамандар ауыр преэклампсия диагнозын қойды.

2021 жылғы 19 маусымда пациенттің ауыр жай-күйін ескере отырып,  медициналық авиация желісі арқылы әйел Павлодар облыстық перинаталдық орталығына жеткізілді, онда оған мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

Преэклампсия - бұл болашақ ананың өмірлік маңызды мүшелері мен жүйелері функциясының терең бұзылуы,  көбінесе бұрыннан науқастанған аурулардың аясында: гипертония, бүйрек, бауыр және өт жолдары аурулары, эндокриндік аурулар және т.б. пайда болатынын естеріңізге сала кетейік. Кейде кешіктірілген преэклампсия жүктілікке дейін созылмалы аурулары және денсаулығының ауыр бұзылыстары болмаған әйелдерде кездеседі.

Преэклампсия әртүрлі жолдармен: өте ауыр жай-күйлер түрінде де, оларды елемеу мүмкін емес және бір қарағанда елеулі қауіп төндірмейтін, бірақ өте үлкен проблемаларды жасыруы мүмкін белгілер түрінде көрінуі мүмкін.

FaLang translation system by Faboba