2021 жылғы 29 мамырда кеудесінде қызған ауырсыну, сол жақ қолына иррадация, суық тер, ентігу, бас ауруы, айқын әлсіздік шағымдарымен 1963 жылы туған ер адам Екібастұз қалалық ауруханасына келіп түсті. Жай-күйінің ауырлығына байланысты шұғыл түрде қарқынды терапия палатасына емдеуге жатқызылды.
Пациенттің жай-күйі ауыр. Екі рет жіті миокард инфарктісі басынан өткен. Кардиологтің, эндокринологтің «Д» есебінде тұрады. Қант диабетімен ауырады.
Жіті коронарлық синдроммен шартталған пациент жай-күйінің ауырлығын назарға ала отырып, жағдайы тұрақтанғаннан кейін медициналық авиацияның мобильдік бригадасы 2021 жылғы 7 маусымда ер адамды одан әрі мамандандырылған кардиохирургиялық емдеу үшін Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына тасымалдады.