2021 жылдың 1 маусымда Сарысу аудандық орталық ауруханасына ЖКО орнынан ауыр халдегі 1987 жылы туған ер адам келіп түсті. Қабылдау бөлімшесінде медициналық мамандармен қарап-тексерілді, өмірлік көрсетілімдері бойынша шұғыл түрде анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.
Алынған полижарақат салдарынан пациенттің жалпы жай-күйі ауыр. Ер адамға бірнеше жерден сынулар, травматикалық шок диагнозы қойылған.
Мидың компьютерлік томографиясын жүргізу, сондай-ақ мамандандырылған медициналық көмек алу қажеттілігіне байланысты 2021 жылғы 6 маусымда пациент медициналық авиация күшімен Тараз қаласының мемлекеттік көпбейінді ауруханасына тасымалданды.